
🌿 «ҰСТАЗ АЙТСА» ОБЛЫСТЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ
Бүгін Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен «Ұстаз айтса» облыстық диалог алаңы өтті.
Диалог алаңының негізгі мақсаты – ұстаздардың кәсіби тәжірибесімен бөлісу, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және педагогтердің қоғамдағы маңызды рөлін айқындау.
Іс-шара барысында мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары Шайзада Байболат, Гульмира Зейнулловна және Раухат Рашидұлы спикер ретінде сөз сөйлеп, өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында әріптестеріміз еңбектері мен белсенділіктері үшін Алғыс хаттармен марапатталды. 👏🏻
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! 💐
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Кәсіби ізденістеріңіз бен шығармашылық бастамаларыңызға толағай табыс тілейміз!