

AI91 – мектеп директорлары мен білім беру саласының сарапшыларына арналған кәсіби алаң✨
Астанада қаласында “AI91: Жасанды интеллект бар әлемдегі менеджмент және оқыту” атты мектеп директорларының Бірінші Республикалық форумы өтті.
Форумға 250-ден астам қатысушы мен 10-нан астам халықаралық және қазақстандық спикерлермен қатар IT мектеп-лицейі директоры Бершимова Айгерім Қасымбекқызы да қатысып, кәсіби тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен тың бастамаларға серпін алып қайтты.
Форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, EdTech саласының мамандары мен педагогикалық қауымдастық жасанды интеллект дәуірінде мектепті басқару стратегияларын практикалық тәжірибе мен нақты кейстер негізінде талқыланды.
Негізгі спикерлер қатарында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының бас экономисі Рахым Ошақбаев, Amansultan білім беру платформасының негізін қалаушы Nurlan Kiyassov, Microsoft Kazakhstan компаниясының Орталық Азия және Пәкістан аймағындағы білім беру бағыты бойынша даму директоры Данияр Жумабеков, сондай-ақ жетекші мектеп директорлары мен жасанды интеллект және білім беру саласының сарапшылары болды.