«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құмай тазы

Құмай тазы

Құмай тазылардың тұқымы, түрі Тазы қазақ даласына сақ заманында келген деп шамалауға болады. Шамамен 2000-2500 жылдар бұрын болса керек. Кейбір тасқа қашалған петроглифтердегі тазыға ұқсас аңшы иттерінің бейнесіне қарап, бұдан да ертерек замандарда да болған ба деп болжам жасауға да болады. Дегенмен тақыр тазылар осыдан бес-алты мың жыл бұрын перғауындар заманында өмір сүрген. Әйгілі Тутанхамон қабірінің ішінде ажал құдайы Анубис - қара түсті тазы бейнесінде бейнеленген.

"Қазақ тазысының түп атасы арабтың салюкиі, ол қазақ даласына ислам дінін таратқан араб жауынгерлерімен бірге келді",— деген нұсқаны ұсынады. Шынымен, салюки Орталық Азия мен Кавказға, Таяу Шығыс пен Иран арқылы таралған. Қазіргі салюки тұқымдары қазақ тазысына өте жақын тек, тұрқы сәл ұзын, бойы сәл сұңғақ, бірақ пошымы мен сымбаты өте жақын келуі олардың туыстығын қуаттайтындай. Төрт мың жылдай тарихы бар ол иттердің атауы құм астында қалған Арабтың Салюк қаласының атымен байланысты туған атау. Дегенмен ол тұста шумерлерге, ассириялықтарға да таралып үлгергенге ұқсайды.

Аң қағатын итін қазақтар "тазы" атауының мәні парсының "таза, алғыр, жүйрік" деген мағынадағы сөзінен шыққан. Бәлкім тазы - таза - таза қанды деген мағынадағы сөзінен туған, ықшамдалу заңдылығына байланысты тазыға ауысуы мүмкін деп жорамалдайтындар да бар. Қазақ тазысы мен ауған тазысы Орталық Азияға парсы тазысымен бір дәуірде келіп, оны сақтар мен ауғандар жергілікті табиғи жағдайдың ерекшеліктеріне сай жетілдіріп, қолдан сұрыптап өткізгенге ұқсайды.

Дегенмен соңғы кездегі зерттеулер Орта Азияда таралған тазыларды арабтың слюгги (слугги) аңшы иттерімен будандасудан пайда болған жергілікті тұқым деп есептейді. Тазының отаны Қазақстан және Түркменстан (әредік Өзбекстан жерінде де өсіріледі) деп есептеледі. Түркмен тазысы қазақ тазысына қарағанда бітімі үсақтау келеді. Тазы итті Орта Азияның көз жетпес кең даласының тұрғындары арабы иттерді жергілікті тұқыммен будандастыра отырып, сұрыптау нәтижесінде шыққан ат үстінде аң аулайтын бекзадалар мен дегдарлардың ермегіне және малшы-бақташылардың күн көрісі үшін қызмет еткен тұқым деп есептейді.

Қалай дегенмен VII-VIII ғасырларда қазақ жеріне дін тарата келген арабтармен келген тазы тұқымынан аңшы иттер тарихы басталады. Сонымен бірге жергілікті жерде қалыптасқан тұқым деген тазының пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Кезінде орыс отаршылдары көптеп келе бастаған замандағы зерттеу нәтижелеріне қарасақ (Я.Полферов пікірінше) қазақ жерінде Орта Азия тазысының өзіндік бір тармағы көбірек таралған. Оның бойында таулық және қырымдық тазыларға жақындығы басым болған. Қолдану жағдайына байланысты тазыларды далалық және таулық деп бөлген: далалығы бойы сұңғақ, жазықта алғыр болса, таулық тазы бітімі кішкене, қия жартастарда жақсы жүгірген. Қазақ тазысына өте жақын туыс болып есептелетін ауған тазысының да тақыр жүндісі жазық аумақта, ал үлпілдек жүндісі суықтау солтүстік аймақта таралған. Ал қазақ тазысы орыстың аңшы тазысының пайда болуына септігін тигізген.

Алайда, қазақ жеріне тазы тұқымы онан да бұрын, дәлірек айтқанда сақ заманында келген. Оның дәлелі тазы пошымды иттердің жартасқа салынған бейнелері, атаудың өзінің көнепарсы тіл інен ту ын д ау ы тегін емес, оның таралуы перғау ын иті - салюки - парсы тазысы ауған тазысы және қазақ (сақ) тазысы деген болжамды ұсынады.

Қазақтар тазыны жарғақ құлақ тазы және шашақ құлақ тазы деп екіге бөледі. Оның бірін салюкиден, екіншісін слюггиден таралған тұқым дейтіндіктен біріыің құлағының жарғағы үлкен, екіншісінің құлағында көп жүн өскен. Шынымен-ақ жарғақ құлақ тазының құлағында ешқандай жүн болмайды, ал шашақ құлақ тазының құлағының жүні үзын, шашақ тәрізді болады. Ал бұған қоса "дүрек" (дүрегей тазы) деп аталатын тазы мен қазақы иттердің будандасуынан шыққан терісі қалың, суыққа шыдамды, денесі кесек, қасқырды алатын батыл тұқымы да кездеседі. (Дүрек немесе дүрегей тазы қасқырдың аяқ тарамысын қиып жібереді.)

Тазы - орташа ғана бойы бар жүйрік ит, жүні тықыр, оның есесіне, құйрығы мен салпаң құлағының ұшын ұзын шашақты жүн басқан. Басқа аңшы иттерге қарағанда бұлар ақылдырақ, иесіне шын берілген, адамға жұғысқыш, ал өзге иттерге өшпенділеу келеді. Өздері өте батыл, әрі орасан жүйрік болады. Тазылар күшті болмайды, бірақ денелері сидам, арық, жеңіл, жүйрік, әрі өжет келеді. Олар қуса жетеді де, қашса құтылады. Қоян, түлкі сияқты үсақ аңдарды олар құтқармайды. Айлаға икемділігі сондай, тазылар аяғын сындыру, қайыру, мойнын шығару деген кінаратқа ұрынбайды.

Тазыларды тұқымына қарай қазақтар кумай, кумай тазы, таза қандылығы мен түгіне қарай; құны, құны тазы, будандасқан болса; дурегей, дурегей тазы, қайын, қайын қаптал деп бөледі. Мұның соңғылары қасқыр алатын күшті иттер. Олар жалғыз жарым да екеулеп немесе тобымен жүріп, "ұтылап" аң алады, ал үйретілген болса аушы құспен де тізе қосып қимылдайды. Тазы иттердің түгі салыстырмалы түрде аз, сүйықтау келеді. Ал кескін сымбатына қарай таулы, орманды өңірдегі аңшыл иттер ірі сүйекті, шомбал денелі болса, далалы құмды өңірлерде дене бітімі шағын, шарғылау келеді.


Жаңартылған күні: 17.02.2020 09:24
Құрылған күні: 19.02.2020 14:36

Бізді табу оңай!

Текст