Текст
"Жұмбақтас" шаңырақ оқушылары "Аяулы, мектебім!" атты бейне құттықтауларын ұсынады. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы білім ордасында әр оқушы 11 жыл бойы білім нәрімен сусындап келеді. Мектеп табалдырығын тарыдай боп аттап, таудай болып шығады. Осындай айтулы күн "25 мамыр" мектеп бітіруші түлектер үшін де "Соңғы қоңырау" күні. Аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмтылмас күн. Өзінің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін аяулы ұстаздардың еңбектерінің жемісіне куә болатын күн! 💐