«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғылым күні!

13.04.2020

Құрметті достар!
Бүгін - Ғылым күні! 
Бұл салада 22 000-нан астам маман жұмыс істейді. Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізбестен экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес, сондықтан ғылымның дамуына өз өмірін арнаған және барлық күш-жігерін жұмсайтын адамдарды бағалауымыз қажет.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде ғалымдардың рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Біздің ғалымдарымыз, атап айтқанда ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының қызметкерлері штамның өзі болмастан, небәрі 6 күн аралығында коронавирусты анықтауға арналған бірегей тест-жүйе әзірледі.
Біздің ПТР-жүйе жоғары дәлдікке ие және оның үстіне Уханьда табылған коронавирусты ғана емес, SARS-CoV-2 секілді басқа коронавирустық штамдарды да анықтауға қабілетті.
Қазір биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина әзірлеуге кірісті.

Қазақстан ғылымы зор әлеуетке ие. Ғалымдардың еңбектері әлемнің жетекші ғылыми журналдарында жиі жарияланады. 2011 жылмен салыстырғанда “Scopus” деректер базасында қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының жалпы саны 34,5 есеге, “Web of Science” деректер базасында - 59 есеге өсті. Соңғы бес жыл ішінде отандық ғалымдардың әрбір бесінші жарияланымы әлемнің ғылыми журналдарының топ-25%-ына енді.
Бұл ретте соңғы жылдары ғылыми жарияланымдар авторларының саны 3 есеге өсті.

Дегенмен, ғылымды одан әрі дамыту үшін елеулі өзгерістер, басқару жүйесі мен қаржыландыру тетіктерін жетілдіру талап етіледі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Үкіметке қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайтуды тапсырды, бұл ретте жүйені сапалы өзгерту бойынша түбегейлі шаралар қабылданып жатыр.

Біріншіден, биыл алғаш рет ғылыми-зерттеу институттарының инфрақұрылымын жаңартуға қаражат бөлінді. Келесі жылы біз ғылыми ұйымдардың жабдықтары мен зертханаларын белсенді түрде жаңартамыз.
Екіншіден, ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға арналған байқаулар енді үш жылда бір рет емес, жас ғалымдар арасындағы байқаулар секілді жыл сайын өткізіледі.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Бізді табу оңай!

Текст