Мен, Каримова Алия Көкшетау қаласы IT мектеп-лицейінің 8 "В" сынып оқушысы Каримов Нұрдаулеттің анасымын. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 2 сәуір күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша онлайн негізінде "Жұмбақтас" шаңырағы оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Біздің педагог-ұйымдастырушымыз Ханафина Динара Рзақызы "Біздің IT мектеп-лицейінде қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?" тақырыбында ата-аналарға қашықтықтан оқыту қалай жүргізілетіндігі туралы ақпарат берді. Ата-аналардың көкейінде жүрген сұрақтарға нақты жауап берді. Сонымен қатар "Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата - аналар мен оқушыларға арналған жадынама оқылды. Осындай қиын кезеңде мектеп, ата-ана, оқушылар болып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Жиналыста арнайы бейнематериалдар мен слайд түрінде көрсетіліп, таныстырылды. Сынып ата-аналары қашықтықтан оқыту негізінде балаларына қолдау көрсететіндерін білдірді. IT мектеп-лицейінің ұстаздарына, ата-аналарына, оқушыларына алдағы уақыттағы күндеріне сәттілік тілеймін! "БІЗ БӘРІН ЖЕҢЕМІЗ!", "БІЗ БІРГЕМІЗ!".