Текст
Көкшетау қаласы Білім бөлімінің жалпы орта білім беру және қорғаншылық (қамқоршылық) секторының меңгерушісі Мусина Айнур Жубандыковнаның қатысуымен "Инновациялық парадигма, стратегиялық менеджмент" тақырыбында лицей/гимназия мектептерінің директорларына арналған семинар өтті. Семинар барысында "Білім берудің инновациялық стратегиясы - басқару менеджментінің тұрақты даму факторы" , "STEAM education" жаратылыстану-математикалық бағыттағы шеберлік сыныптар, "Шаңырақ оқушылар қауымдастығы - рухани құндылық" бөлімдері бойынша түрлі жұмыстар көрсетілді.