Текст
Ғылым мен білімді интеграциялау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 11-14 ақпан аралығында Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңі өткізілді.
ІТ мектеп-лицейінің намысын 11 А сынып оқушылары Садвакасова Жаннур мен Гайсина Мерейлім қорғады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында ерекше жетістікке жеткені үшін мадақтамамен марапатталды.