7 ақпан 2020 жылы «Махабат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәні онкүндігі аясында «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбымен балалардың шығармашылық суреттер және қолдан жасалған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына салынған суреттері, қолдарынан жасалған бұйымдары жинақталды.
Мақсаты: Балалардың қоршаған орта сұлулығын сезіну қабілеттерін қалыптастыру, түстер әлемі және оның реңктерін түсіну, сезу, көру қабілеттерін дамыту, сурет салу арқылы ойды жеткізе білуге үйрету.Орталық композиция алақандардан «Тілектер ағашы» топпен жасалды, оқушылар өз тілектерін алақандарына жазып білдірді.Көрмені ұйымдастырған көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Байдильденова Куляш Муслимовна