Текст
Қазақстанда 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Осыған байланысты түнгі сағат 00.00-ден бастап жалпыұлттық аза тұту мерзімі ішінде барлық мемлекеттік және әкімшілік мекеме ғимараттарындағы Мемлекеттік Ту тутұғыр биіктігінің жартысына дейін төмен түсіріледі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңының 4-бабының 4-т. сәйкес).
Сонымен бірге бүкіл ел бойынша мәдени-көпшілік іс-шаралар тоқтатылады.