Текст
Бүгінгі күні "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" тақырыбындағы "Өзін- өзі тану" онкүндігінің ашылу салтанаты мектебіміздің бастауыш буынында өтті. 4 "Б" және 2 "Ә"сынып оқушыларының белсенділігімен өткен сап түзеуде өзін-өзі тану пәнін оқытудың маңыздылығы, "Бөбек" қорының негізін қалаушы, алтын жүректі ана Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы ақпарат берілді. Әнші қыздарымыз Дәулет Аруна мен Маратқызы Мединаның орындауында көңілді ән тыңдалды. "Балаға жүрек жылуы" деген бастамамен онкүндік бойы ойналатын "Мейірімділік жүрегі" ойыны бастау алды.