Текст
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады. Бүгінгі күні қалың қардың түсуі мен коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсету мақсатында белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов бастауымен "Біз біргеміз" акциясын барша еріктілер қолдады. Осыған орай IT мектеп-лицейі "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері де "Біз біргеміз!" акциясын қолдап, мектеп қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында білім ордасының ауласын тазалауға шықты. Біздің "Жас Ұландықтар" бұл челленджді Көкшетау қаласының барша белсенділеріне жолдайды!