"Интернетсіз бір күнім" атты тақырыбында "Жұмбақтас" шаңырақ оқушыларына сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Интернетке байланысты ақпарат жинақтау, сурет салу, алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, қорытынды жасау. Интернет-ағылшынша “Internet”-"Әлеуметтік желі"-"Әлеуметтік"-адамдар, қоршаған орта. "Желі"-байланыс, қарым-қатынас" деген ұғымды білдіреді. Күнделікті қолданыста "Әлеуметтік желіні" дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз, оның пайдасы ұшан-теңіз екенін ұғынды. Демек, оқушылар сабақ барысында өз ойларымен бөлісіп, пайдасы мен зиянды жақтарын сурет арқылы бейнелеп, "Менің интернетсіз бір күнім..." атты аяқталмаған ойды толықтырды. Әрбір күндерін бір мезгілде достарымен серуендеуге, ауылда интернетсіз күнді қызықты өткізуге болатынын түсінді.