Текст
Ағымдағы оқу жылының 21 қаңтар күні 1-4 сыныптар арасында "Бала құқығын қорғау-басты талап" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп-лицей әкімшілігі, бастауыш сынып пән мұғалімдерінің қатысуымен өткен ашық алаңда ата-аналар түрлі сұрақтар бойынша жауап ала алды, осындай еркін форматта өткен жиналыс үшін лицей ата-аналары өз алғыстарын білдірді. Жиналыс барысында "26 қаңтар-Халықаралық интернетсіз күн "Мен offline" ақпараттық-танымдық бейнефильм көрсетілді. Күн тәртібінде "Бала құқығын қорғау-басты талап" баяндама, ІІ тоқсан қорытындысы бойынша сұрақтар қаралды.