Текст
Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруда курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері ұстаздарымызға арнап өңірлік семинар өткізді.
Мұғалімдерге "Пәнді оқытудың ерекшеліктері: жаңа тәсілдер мен тәжірибелері", "Сабақты критериалды бағалау", "Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптаудың негізгі тәсілдері", "Мұғалімнің кері байланыс дағдыларын жетілдіруге" қатысты сұрақтарды қарастыруға мүмкіндік берілді.