Текст
Қысқы каникул жоспары негізінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және жас ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп- лицей ұстаздары мен оқушылары мектеп ауласындағы мұз айдынына коньки тебуге шықты. Ағзасы енді дамып жатқан балалар үшін коньки тебудің пайдасы үлкен. Баланың ағзасын тік ұстап, бұлшықет жүйесін қалыптастыруға көмектесіп, баланың сенімділігін күшейтеді.Таза ауада конькимен жүйелі түрде сырғанау адам ағзасының төзімді болуына әсер етеді. Салауатты өмір салтын ұстанған ұстаздарымыз бен оқушыларымыз денелерін шынықтырып, сергек көңіл-күймен тарқасты.