Жаңа жыл – бөбектердің де, ересектердің де сүйікті мерекесі. Сағат он екіні соғысымен от шашуларға қарап тұрып, ескі жылдың келмеске кеткенін түсінеміз. Ертегіге сенбесек те, жүрегіміздің түкпірінде Жаңа жылдан бір сиқырды күтіп, бақыт тілейтініміз бар-ды. Сол себептен де, мерекеге тыңғылықты дайындаламыз. Үлкен құлшыныспен сыйлық таңдаймыз, ең сүйікті тағамдарды әзірлеп, жақындарымызды қуантуға асығамыз.
Бүгін мектеп - лицейімізде 5-8 сынып оқушыларына арналған жаңа жыл шырша мерекесі "Nur Otan" партиясы Көкшетау қалалық филиалының өкілдері Рыскулова Гульнара Муратовна және Дюсенова Динара Сериковнаның қатысуымен өтті. Іс - шара барысында құрметті қонақтар ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Nur Otan" партиясының Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған "Тәуелсіздік - тұғырым!" атты әлеуметтік желілер байқауында 6 "Ә" сынып оқушысы Сатыбалдинов Әбілмансұрды сертификат және бағалы сыйлықпен марапаттады. Бәріне ортақ бір нәрсе бар, ол – қуаныш, отбасымен бірге көңіл-көтеруі, түзу ниет, жақсылыққа деген сенім. Ендеше, ештеңені жатсынбастан, Жаңа жылда жаңа бақытқа, жаңа табысқа жете берейік!