Текст
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне" орай оқушылардың сурет панорамасы ұйымдастырылды. Экспозицияға «Қазақстан – тәуелсіз, байтақ елім» деп аталатын балалардың шығармашылық суреттері қойылды. Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Қазақстанның тарихы, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ балалардың көркем шығармашылығын кеңінен насихаттау. Ұйымдастырушы көркем еңбек пәнінің мұғалімдері - Байдильденова Куляш Муслимовна, Естанов Марат Кабешевич.