Текст
"16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне" орай "Архив - 2025" бағдарламасын іске асыру аясында 6 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Баткалова Алма Нүрсіпханқызы 6-7 сынып оқушылары және педагог-ұйымдастырушыларымен бірге облыстық архив мекемесіне экскурсия жасап қайтты. Мақсатымыз оқушыларға жалпы өлкеміз бойынша сақталған құжаттарды таныстыру, жиналған мәліметтерді өз көздерімен көріп, ақпарат алу. Архив қызметкерлері көрме бөлмесін таныстырып, "Тәуелсіздік-тірегім" тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Оқушылар қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.