Текст
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп-лицейінің әр қабатында таңғы жаттығулар өткізіледі.Деніңіздің саулығы мен күні бойы көтеріңкі көңіл-күйде жүру – оқушылар үшін таңғы жаттығумен тікелей байланысты. Сондықтан сапалы білім мен сенімді болашаққа жол бастайтын жаттығуды ұмытпай орындап тұру қажет. Жаттығудың түрлері көп, алайда мектепте орындалатын жаттығулар оңай әрі жылдам жасалуымен , заманауи би элементтері, түрлі қимылдармен ерекшеленеді.