Текст
“Сарырқа шаңырағы” "Дара тұлға" жобасы аясында Көкшетаудың бір туар азаматы, журналист, ақын, сазгер Маман Ементаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы, оның атқарған ерен еңбек жолына арналған әдеби музыкалық кеш өткізіп, кеш барысында Маман Ементаевтың өлеңдері оқылып әндері шырқалды. "Сарыарқа" шаңырағының педагог-ұйымдастырушысы, ақынның немере інісі Амангелді Аманұлы ағасы туралы әңгімелеп, ақынның туып-өскен Ементай ақсақалдың қара шаңырағына арналған "Туған үйдің түтіні" әнін орындап берді. Ақынның артынан қалған мол мұрасы-оның өлмес ғұмырының жылдарымен жалғас тауып кететін рухани қазынасы болып қала бермек.