9 қараша күні ҚР-ның Премьер - Министрінің орынбасары Бердібек Машбекович САПАРБАЕВ және Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Танатовна КАРИНОВА Ақмола облысының Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келіп, ІТ мектеп-лицейінің білім берудегі бағытымен танысып, ІТ технология, гидропоника және рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан дарынды балалардың жұмысымен танысты. Олардың білімге деген құлшынысына жоғары бағасын берді және "ІТ Сhampionship - 2019" робототехникадан қалалық олимпиаданың ашылуын тамашалады.
Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев қаланың педагогикалық ұжымымен кездесіп, "Жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім жүйесін жетілдіру" атты тақырыбында өзекті мәселелерге тоқталып, ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.