Текст
3 қазан күні ІТ мектеп - лицейі барлық мектептермен қатар республикалық экологиялық сағатына қатысты. Бұл шараның басты мақсаты: экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа табиғат ресурстарын қорғау және тиімді қолдану, табиғат байлығын орынды пайдалану жолдарын үйрету. Бастауыш сыныптарында үштілділікті негізге ала отырып кіріктірілген тәрбие сағаттары өтті. Әр сынып оқушылары аталмыш іс-шараға белсене қатысып, қызығушылықтарын арттырды.Табиғатсыз адамның күні жоқ, оның айтатын табиғаттың тілі жоқ.