Ағымдағы оқу жылының 17 қыркүйек күні мектеп - лицейінде "Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы - сапалы білім кепілі" тақырыбындағы бастауыш сынып ата-аналарымен онлайн режимінде жиналыс өтті. Күн тәртібінде лицей директоры Айнагүл Қыдырбайқызы "Сындарлы қоғамдық диалог - қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының қазақстан халқына жолдауынан бастау алып, мемлекет басшысының ата-аналар қауымына арналған бейнеролигімен жалғасты. "Жасөспірім және заң" тақырыбымен Көкшетау қаласы Ішкі Істер бөлімі ювеналды полиция бөлімінің аға лейтенанты, мектеп инспекторы Аубакиров Нұржан Гельманұлы жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша сөз сөйледі, "Бала - бақыт бастауы, отбасы - алтын діңгек" тақырыбымен бастауыш сынып мұғалімі Кадырова Лейла Сериковна ата-аналармен тренинг өткізді. Жиналыс әрі қарай сыныпішіндегі қамқоршылық кеңес мүшелерімен, ата-аналар жұмысымен жалғасты.