Текст
"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында мектеп - лицейінде робототеxника және STEM кабинеттері ашылды. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы кезеңінде мектепте де ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқушылар өз іс-әрекеттерінде қолдана алу мақсатында ашылған сынып кабинеттері білім алушылардың ойлау қабілетін, интелектуалын дамыту үшін заман талабына сай озық теxнологиялармен жабдықталған. Бұл шәкірттердің дарынын ұштап, сандық теxнологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.