"Жастар жылы" қарсаңында мектеп - лицейінің алғашқы түлектері Көкшетау қаласы Білім бөлімінің басшысы Жусупов Бейбіт Айтымұлының қатысуымен "Түлектер аллеясын" орнатты. Мектеп ауласын көркейтуге үлес қоса отырып, түлектердің оқу ордасына деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға сыйластықпен қарауға, аялауға негіз жасау мақсатында ұйымдастырылған ашылу рәсімінде Білім бөлімінің басшысы Бейбіт Айтымұлы "Түлектер аллеясының" лентасын қиып, оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тіледі. Алғашқы түлектер мектеппен қоштасып , алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері атағына ие болады. Сондықтан біздің түлектеріміз үшін мектеп алдын көгалдандыруға өз үлесін қосу үлкен абырой болды. Түлектердің көшеттерін ізбасарлары ретінде 10 сынып оқушылары қамқорлыққа алады. Бұл игі істің келешек ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор.
Сәт сапар , түлек - 2о19 !