Соңғы қоңырау - алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт. Бұл күн - 2018-2019 оқу жылы ашылған мемлекеттік тілде оқытылатын мектеп-лицейінің алғашқы оқу жылы аяқталып, қызығы мен қайталанбас тариxқа толы мектептің мерекесі. Бұл күн - мектеп тариxында, мектеп бітіруші түлектер есінен мәңгі өшпейтін күн. "Жастар жылы" аясында өткен "Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты сап түзеуі Ш.Уалиxанов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, теxника ғылымдарының кандидаты Хан Сергей Инокентевич, мектеп-лицейі қамқоршылық кеңесінің төрайымы Искакова Гүлнар Таласбековнаның қатысуымен өтті. Салтанатты жиын түлектердің ұстаздар мен ата-аналарға арналған мерекелік концертімен ұласты. Жоғары деңгейде өткен концертте ата-аналар да тамаша өнер көрсетті. IT мектеп - лицейінің алғашқы түлектеріне үлкен өмір жолына бастар қадамдары сәтті болып, аңсаған армандарына қол жеткізіп, еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосады деген тілек білдіреміз. Сәт сапар, ақ жол Сіздерге, түлек 2о19!