Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай "Қайырымдылық - адамшершілік белгісі" ұранын ұстанған өзін-өзі басқару ұйымының спорт министрі , “ZEREN” шаңырағының 11 сынып түлегі Тоқтар Әмірдің ұйымдастыруымен мектеп-лицейімізде Әспет Абылайқызының еміне арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қамқоршылық кеңес төрайымы Искакова Гульнар Таласбековна қайырымды іс-шараға ат салысқан барша ата-аналарға, өзін-өзі басқару ұйымы мүшелеріне жылы лебізін білдірді. Әспеттің туысқандары жәрмеңкеге қатысып, мектеп әкімшілігіне қайырымды шара үшін алғыс білдірді. Әспеттің емі сәтті өтіп, сауығып кетуіне тілектеспіз!