Текст
Мектеп - лицейімізде 29 cәуіp күні бастауыш сыныптар арасында "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі " тақырыбында салтанатты сап түзеу өтті. Мақсаты: Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге , елін , жерін сүюге және халқын құрметтеуге баулу, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Салтанатты іс - шарада Қазақстан елінде бейбіт өмір сүретін халықтар ынтымақтастығы туралы өлеңдер оқылып , әндер шырқалды. Мектеп - лицейіміздің директоры Айнагуль Кыдырбаевна Балташева тақырыптық сап түзеуде мектеп өміріне белсене қатысқан дарынды оқушыларды дәрежелі дипломдар және мадақтамалармен марапаттады.