2019 ж. 6 наурыз күні «Кванториум» технопаркінде «Digital generation – 2019» қалалық робототехника байқауы өтті.
Байқауға қаланың барлық мектептері, қалалық «Дарын» орталығы, «Кванториум» балалар технопаркінен командалар сынға түсті.
Біздің ІТ мектеп-лицейінен байқауға 7 номинация бойынша 10 команда – 20 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша, үш команда – 1-ші орынға:
«СЫЗЫҚ БОЙЫМЕН ЖҮРУ» номинациясы бойынша 8 «Ә» сынып оқушылары Дауренбек Сакен мен Болат Айдамир ие болды, жетекші мұғалімі - Кульбаев Марат Жусупович;
«ЛАБИРИНТ» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Өсербай Арслан мен 8 «Ә» сынып оқушысы Толеутаев Ануар ие болды, жетекші мұғалімі - Қаби Мәди Еркінұлы;
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушылары Таласпек Әділ мен Қосман Адиль ие болды, жетекші мұғалімі - Савельев Руслан Александрович.
Бір команда– 2-ші орынға, атап айтсақ:
«КЕГЕЛЬРИНГ-КВАДРО» номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Сайранбеков Жанарыс пен 8 «А» сынып оқушысы Хамит Ерасыл ие болды, жетекші мұғалімі - Кульбаев Марат Жусупович;
Екі команда 3-ші орынға, атап айтсақ:
«ҮЛКЕН СУМО» номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушылары Сабыр Әділ мен Сейілбек Руслан ие болды, жетекші мұғалімі - Савельев Руслан Александрович;
«ЛАБИРИНТ» номинациясы бойынша 5 «Ә» сынып оқушылары Даулетбай Әділхан мен Болат Мирас ие болды, жетекші мұғалімі - Бекболатова Лаура Даулетовна. Төрт команда сертификатпен марапатталды.
Алдағы уақытта осы жарыста жоғарыда көрсеткен оқушылар мен жетекші мұғалімдерге биіктен көріне беруге және де облыстық кезеңнен жүлделі орынға ие болуларына сәттілік тілейміз!