Текст










🎓 11 «А» сынып түлектері – грант иегерлері!
Үлкен еңбектің, табандылық пен білімге деген ұмтылыстың нәтижесі – грант!✨
Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің 11 «А» сынып түлектерін білім грантының иегері атануларымен шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Бұл – мектеп қабырғасында жинаған білімдеріңіз бен ұстаздар еңбегінің жемісі. Алда жаңа орта, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен белестер күтіп тұр.
🌟 Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық, студенттік жолдарыңыз сәтті болсын!
Бүгінгі жеңіс – ертеңгі биік жетістіктердің бастауы! 💙