Текст

📢Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы IT-мектеп-лицейі Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «IT-мектеп: Digital Jump» облыстық байқауында II орын иеленді.
Байқауға өңірдегі IT-мектептер қатысып, заманауи цифрлық жобаларын, инновациялық оқыту әдістерін, STEM/STEAM және жасанды интеллект бағытындағы әзірлемелерін ұсынды.
Әл-Фараби атындағы IT-лицейдің жоғары нәтижесі педагогтердің кәсібилігін және білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды табысты енгізіп жатқанын көрсетті.💐