05.11.2025
📍 IT Championship–2025 | Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейі
30 қазан күні мектебіміздің базасында дәстүрлі қалалық робототехника олимпиадасы — “IT Championship–2025” өтті! 🤖⚙️
Олимпиадаға 22 команда, яғни 40-тан астам оқушы қатысып, өздерінің инженерлік және бағдарламалау шеберліктерін көрсетті. 💡
💥 Командалар келесі 4 категория бойынша бақ сынады:
🔹 Sumo
🔹 Big Sumo
🔹 Cockroach Racing
🔹 Motocross
Жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен марапатталды! 🏆🎖️
Олимпиада аясында жетекшілерге арналған «Smart Learning: білім беру процесіндегі ЖИ мен дронның әлеуеті» атты тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинар спикерлері:
🎓 Сарсенбаева Ж.С. – А.Мырзахметов атындағы университет оқытушысы (ЖИ бағыты)
👩💻 Павельева И.В. – техникалық мектеп-лицей информатика пәні мұғалімі (дрондармен жұмыс)
🤖 Махан А.Б. – AI/AR/VR курс тренері (“Mektep AI” платформасы бойынша)
✨ Іс-шара оқушылардың технологияға қызығушылығын арттырып, мұғалімдер арасында инновациялық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді!
https://www.instagram.com/reel/DQdQw4JCJn7/?igsh=YjM3YmswNHM3eWVr