Текст
05.11.2025
29 қазан күні Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумына мектебіміздің жас және креативті ұстаздары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум барысында:
🔹 Батқолла Ұлжан Әскерқызы – «Бастауыш мектептегі жасанды интеллектінің тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады;
🔹 Информатика пәні мұғалімі Алина Аружан – «Барлығына бірдей мүмкіндіктер: сандық технологиялар арқылы қолжетімді білім» бағыты бойынша өз идеяларымен бөлісті.
Мұғалімдердің шығармашылығы мен кәсіби ізденісі жас ұстаздарға шабыт беріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік тудырды.