24.10.2025
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Көкшетау қаласы
Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейі 🇰🇿
2025-2026 оқу жылына арналған бастауыш онкүндігі аясында, серіктес мектептеріміздің 4-сынып оқушылары арасында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Даналық мектеп” жобасы аясында “Даналықтың алтын үні” атты қалалық сахналық қойылым өтті.
Қойылымға лицейіміздің 4-сынып оқушылары қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды! 🏆
Мақсаты:
Оқушылардың халық даналығы мен би-шешендердің өнегелі сөздері арқылы адамгершілікке, тапқырлыққа, бірлік пен әділдікке тәрбиелеу;
шығармашылық қабілетін, актерлік шеберлігін және көркем сөйлеу дағдыларын дамыту.
Жетекшілері — 4-сынып ұстаздары:
Г.Ж. Кенжеева
А.М. Байдуллина
А.Б. Канафина
Ж.А. Ибраева
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы
⚜️ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
⚜️ АДАЛ АЗАМАТ
⚜️ ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
“Тәуелсіздік және Отаншылдық” айы
Апта дәйексөзі: “Отаным — алтын бесігім”