24.10.2025
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Көкшетау қаласы
Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Адал Азамат. Кәсіптік білім. Табысты маман» тақырыбында кәсіби бағдар алаңы өтті. Кәсіби бағдар алаңына қатысушы әр маман өкілдері өз жұмысының ерекшелігін, сұранысын, оқыту мерзімін, өзектілігімен бөлісіп, жас ұрпаққа ерте жастан оңтайлы мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді.
Болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етуді мақсат еткен тәрбиелік-тағылым шараға қала мектептерінің 9-сынып оқушылары, кәсіби бағдар беру мамандары қатысты.
Қалалық білім бөлімінің тәрбие жұмыстары жөніндегі әдіскері Бахитгүл Долайқызы еліміздің өркендеуінде еңбек адамының, әсіресе жұмысшы мамандардың орны ерекше екенін атап өтіп, тағылымды шараға қатысушыларды құттықтап, риясыз алғысын білдірді.
Өнеге сағатына келіп, бағыт-бағдар берген арнаулы орта оқу орындарының әкімшілігіне мектеп-лицей директоры Бершимова Айгерім Қасымбекқызы алғыс хат табыстады.
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
АДАЛ АЗАМАТ
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
“Тәуелсіздік және Отаншылдық” айы
Апта дәйексөзі: “Отаным — алтын бесігім”