Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «әл-Фараби атындағы ІТ лицей» КММ
2021-2022 оқу жылындағы «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының құрамы
Қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа жетелейді. Осындай өз-өзіне сенімді, ой-өрісінің тәуелсіздігімен ерекшеленетін, құндылықтарды бойына сіңіре білген, сыни тұрғыдан ойлана білетін тұлға тәрбиелеу мақсатында ІТ лицейімізде 8 шаңырақтан құрылған, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы бар.
Бұл ІТ лицейімізде «Шаңырақ» атауымен аталғаннан бастап, оқушылар қауымдастығы – жоғары және төмен сынып оқушылары арасындағы бірлік, өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру негізінде бірқатар жұмыстарды нәтижелі атқарып келеді.
Оның мақсаты: бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас орнату болып табылады.
Міндеттері:
1. Патриоттық білім беру;
2. Өзін-өзі жетілдіру;
3. Салауатты бәсекелестік қалыптастыру;
4. Көшбасшылық қасиетті дамыту;
5. Ұйымшылдыққа баулу;
6. Бос уақытты тиімді өткізуді ұйымдастыру.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының атаулары Ақмола өңірінің жер-су атауларынан тұрады. Өзіне тән эмблемалары мен ұрандары бар.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының құрамы
№ |
Шаңырақ атауы
|
Сыныптар |
Педагог-ұйымдастырушы |
1 |
«Жұмбақтас» шаңырағы |
5 «А», 7 «Б», 10 «А» |
Д.Р.Ханафина |
2 |
«Жеке Батыр» шаңырағы |
5 «В», 7 «Ә», 11 «А» |
Н.Е.Нурахметова |
3 |
«Зерен» шаңырағы |
5 «Б», 7 «А», 11 «Ә» |
И.К.Токмолдина |
4 |
«Бурабай» шаңырағы |
5 «Ә», 8 «Б», 9 «Б» |
А.С.Жумукова |
5 |
«Сарыарқа» шаңырағы |
6 «В», 9 «А», 8 «Г» |
А.Т.Искакова |
6 |
«Тұран» шаңырағы |
6 «А», 8 «В», 10 «Ә» |
Н.О.Мендекина |
7 |
«Көкшетау» шаңырағы |
6 «Ә», 8 «А», 9 «Ә» |
Ж.А.Ажибаева |
8 |
«Оқжетпес» шаңырағы |
6 «Б», 8 «Ә», 9 «В» |
А.Ғ.Баймұхан |
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының әр күні
№ |
Апта күндері |
Іс-шара атауы
|
1 |
Дүйсенбі |
Лицейішілік сап түзеу. «Әнұран» орындау |
2 |
Сейсенбі |
«ІT day» іс-шаралары |
3 |
Сәрсенбі
|
«Қазақтың 100 әні» жобасы аясындағы «Бір әннің тарихы» жобалары |
4 |
Бейсенбі |
«Дара тұлға» жобасы |
5 |
Жұма
|
«Reading time» жобасы «Көп оқып, көп білуге ұмтыл!» |