Анықтама
әл-Фараби атындағы IT лицейі
Педагогтармен өткізілген психологиялық семинар-тренинг туралы
Ақпарат
02, 04.11.2021 ж. Эмоционалды жану синдромын алдын алу мақсатында мамандандырылған гимназия педагогтерінің (бастауыш, орта буын, жоғары сынып) қатысуымен жоспар бойынша психологиялық семинар тренинг өтті. 1, 2-нші аусым мұғалімдерін екі топқа бөліп семинар тренинг өткізілді. Тренингке 41 мұғалім қатысты. Семинар тренинг жоспары бойынша:
- Эмоциялық күйіп кету деңгейіне диагностика жүргізуге арналған онлайн сауланамаға (автор: Орешкина Н.Г.) қатысты, байланыс орнату, шиеленісті жою мақсатында «Түстерді таңдау арқылы қазіргі сәттегі эмоция, сезімін анықтап, қорытындысы бойынша ақпарат кеңестер берілді.
- ЭЖС; стресс; ширығу мен шаршаңқылықтан арылу үшін «Тыныстауды басқарумен байланысты әдістер», ресурс жұмылдыру; эмоцияларды басқару үшін дене техникалары, көңіл сергіту үшін «Ми батырмалары» (кинесиология), өзін ретке келтіру үшін «Өз-өзіне бұйыру» және «Өз-өзін бағдарламалау», «Өзін-өзі қолпаштау» жаттығулары орындалды, күнделікті өмірде қолдануға ұсынылды. Ұжымдығы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Сағат бойынша достар» атты жаттығуы орындалды.
- Эмоционалды жану синдромын (ЭЖС) алдын алу үшін келесі өзін ретке келтіру әдістерін қолдануға болады, ұсыныс-кеңестер берілді:
Табиғи: Спортпен айналысу, жаяу серуендеу және басқада дене жүктемелері. Денені шаршату психикалық ширығуды азайтады; Суға түсу (жүзу, ванна, душ, монша) сабырға келуге көмектеседі; Түрлі істерге әуестену және хобби босаңсуға және көңіл-күйді көтеруге көмектеседі; Сабырлы және жайдары адамдармен араласу.
Арнайы: Визуализация; Тыныстау техникалары; Аутогендік жаттығу (аутотренинг); Жүйке-бұлшық еттік релаксация; Медитация; Арттерапия әдістері.
Қорытынды: педагог әріптестеріміз кәсіби педагог ретінде өздерінің психикалық, физикалық саулығын нығайту үшін онлайн диагностикаға, тренинг жаттығуларына белсенділікпен қатысып, алған әсерлерімен бөлісті. Дәрістің электронды нұсқасы мұғалімдер чатына жіберілді. Релаксацияға арналған бейне жаттығулар, аудиокітаптар, музыка ссылькалары ұсынылды:
- Кинесиология туралы бейнесабақтар («Ми батырмалары», «Кук ілгектері», «Деннисон ілгектері» және т.б.)
-
- Кез-келген үрейден өз бетінше қалай құтылуға болады: үздік психотерапия әдістеріне шолу. Жаттығулар: өз мықты жақтарын және жетістіктерін байқау және бағалау; тілек тілеу (қажеттіліктерімізге кілт береді, есік ашады); болашақтан күтетін жағымсыз үміттерді жағымды үміттермен алмастыру; жағымсыз терең наным-сенімдерді жағымды наным-сенімдермен алмастыру.
- https://youtu.be/DM2yoI9bQhI
- Аутогендік жаттығу. Аутогендік жаттығу – бұл неміс ғалымы И.Г. Шульц ұсынған өзін-өзі сендіру әдісі. Аутотренинг бұлшық еттерді терең босаңсыту дағдысын дамытуға; ағзадағы стресске көрсетілетін жағымсыз реакцияны бейтараптандыруға; зейін қоюды жақсартуға және жұмыс өнімділігін арттыруға; ұйқыны қалыпқа келтіруге; көңіл-күйді көтеруге септеседі.
- https://youtu.be/YtrpF7F98gc
- Джейкобсон бойынша бұлшық етті босаңсыту. Бұлшық етті терең босаңсыту үрейден, қорқыныштан, стресстен тез құтылуға көмектеседі, үрей шабуылдағанда өте тиімді, барлық үрейлі бұзылыстарда қолдануға жарамды.
- https://youtu.be/zl24-hACr2A
- Релаксацияға және психологиялық ауыртпалықтан арылуға арналған музыка.
- https://youtu.be/AtdejCntC4Y.
Өткізілген семинар тренинг туралы ақпарат it-лицей инстаграмм парақшасына жарияланды. https://www.instagram.com/tv/CVzhFxfgest/?utm_medium=copy_link