«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «ІТ лицей имени аль-Фараби города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Директор блогы

Электрондық журнал

Image result for күнделік

Біздің әлеуметтік желілер

Image result for bycnfuhfvvКартинки по запросу "facebook""


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ІТ мектеп-лицейі» 2018-2019 оқу жылы оқушылардың тамақтануы

2018 жылдың қыркүйектің 3-нен бастап бүгінгі күнге дейін  «ІТ мектеп-лицейінде» асхана жұмыс жасауда.

Асхананы жалға алушы ЖШС«Той Дастархан», директоры Е.И. Мащинская.  Бұған байланысты "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына сәйкес келесі жұмыстар атқарылуда:

Мектеп-лицей  бойынша ыстық тамақпен оқушылар-100%  қамтылған.

187 бала  тегін тамақпен қамтылып отыр.

- 1-ші сыныптар – 108 оқушы;

- ата –ананың қамқорлығынсыз қалған балалар – 3- оқушы;

- аз қамтылған -14 оқушы

көпбалалы отбасылардан шыққан – 62 оқушы.

Асханадағы берілетін астың сапасын тексеретін комиссия және бракеражды комиссия құрылды. Астың  сапасын тексеретін комиссия асхананы 3 айда 1 рет тексереді, ал бракеражды комиссия 10 күн сайын тексереді. Тексеріс барысында:

 - асхананың санитарлық жағдайы (еден мен  үстелдердің тазалығы, қол жуу құралдар);

-тамақтанудың ұйымдастырылуы ( әкімшілік тарабынан кезекшілік, сынып жетекшілердің балаларды асханаға жетектеуі);

-ас мәзірі (перспективалық ас мәзірі, күнделікті ас мәзірі);

-күнделікті ас сынамасы (ас мәзіріне сәйкес келуі, дәмділігі);

- астың салмағы бойынша сәйкестігі (тамақтың  салмағы, мөлшері стандартпен сәйкестігі),  

-тамақтың температуралық жағдайының сақталуы;

-тамақтың дәмділігі;

- асхана қызметкерлерін тексеру ( отбасында ОКИ болмағаны туралы,    терінің іріңді ауруларына тексеру,  ЖРВЖ, ангинаға тексеру),

- тамақ өнімдерінің, азық-түлік шикізаттарының сараптауы (тамақ өнімдерінің азық-түлік шикізаттарының түсу уақыты және күні, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бекітетін құжаттардың болуы);

-тез бүлінетін және жартылай дайын тамақ өнімдерінің сараптауы ( тез бүлінетін және жартылай дайын тамақ өнімдерінің түсу күні мен уақыты, тамақ өнімдерінің және азық-түлік шикізаттарын нақты іске асырудың күні мен уақыты);

Дайын тамақтың сапасын бақылауы (тамақтың әзірлеу күні, уақыты, бракераждың алу уақыты, дайын тағамдардың атаулары,  дайын тамақтың сынамасының нәтижесі)

-тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау;

-таза ауыз сумен қамтылуы (Ауыз су фонтандар, Кулерлер).

Жоғарыда аталған  ережелер бойынша астың сапасын тексеретін комиссия асхананы  2018 жылы қарашаның 12-ші жұлдызында және 2019 жылы ақпанның 15-нде тексерді. Тексеру барысында нормадан тыс ауытқушылықтар байқалған жоқ, асхананың санитарлық жағдайы өте жақсы, тамақтың  салмағы, мөлшері стандартқа сай,  тамақ өнімдерінің азық-түлік шикізаттарының түсу уақыты және күні арнайы журналға тіркелуде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бекітетін құжаттар бар, тоңазытқыштар дұрыс жұмыс істеуде.

Жаңартылған күні: 04.04.2019 17:03
Құрылған күні: 04.04.2019 17:03

Бізді табу оңай!

Текст